
2025 жылғы 25 сәуірде Түркістан қаласында “Туризм индустриясында жаңа форматтағы кадрларды даярлау” тақырыбында “Туризм”білім беру бағдарламалары тобы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.
Іс-шара “Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті” КЕАҚ базасында гибридті форматта (онлайн және офлайн) өтті және ЖОО, кәсіби қоғамдастық және сала өкілдерін жинады. Отырысты ұйымдастырушы – “Қазақ спорт және туризм академиясы” КЕАҚ.
Кездесудің мақсаты-бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу және жаңа форматта кадрларды даярлау моделін талқылау:
– жоғары білім беру жүйесінде кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін үш жылдық оқыту жүйесіне көшудің артықшылықтары мен сын-тегеуріндерін талқылау;
– еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес мамандарды даярлауға дуальды оқытуды, кәсіптік практиканы және микроквалификацияларды тиімді интеграциялау;
– индустрияның заманауи талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру және бейімдеу;
– жоғары оқу орындары мен индустрия өкілдері арасындағы әріптестікті дамыту.
Отырысқа қатысты:
– Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері.
– Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің өкілдері (туризм индустриясы комитеті).
– Туризм саласында мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдері.
– Жұмыс берушілер, туризм және қонақжайлылық саласындағы сарапшылар.
РОӘК көшпелі кеңейтілген отырысының хаттамасына сәйкес қатысушылар мәлімделген күн тәртібі бойынша баяндамаларды тыңдап, негізгі мәселелерді талқылады. “”Туризм” МБК бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің көшпелі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша қорытынды шешімдерді қамтитын қарар қабылданды.
Пленарлық бөлімнен кейін қатысушылар стратегиялық тәжірибелер базасына барды:
“Керуен Сарай” Кешені
Hampton by Hilton Turkistan қонақ үйі
“Ұлы Дала Елі”Орталығы
Қожа Ахмет Ясауи Кесенесі
Отырыс жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру мекемелері мен туризм индустриясы арасындағы сындарлы диалог пен ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.