ҚАЗСТА БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Қазақ спорт және туризм академиясының Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі 2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне Польша, Литва, Түркия және Ресейдің серіктес жоғары оқу орындарында ағылшын және орыс тілдерінде оқу үшін сыртқы академиялық ұтқырлық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына құжаттарды қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Білім алушының толық деректері бар ЖОО басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (мамандық, топ, паспорттық деректер, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);
  2. ҚР азаматының жеке куәлігінің және/немесе шетелдік паспортының көшірмесі;
  3. Білім туралы құжат: ағымдағы үлгерім туралы мөрмен расталған транскрипт (GPA кемінде 3.0 балл);
  4. Шет тілін меңгеру туралы бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS/TOEFL) арқылы алынған сертификат.

Құжаттарды қабылдау ҚазСТА ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінде 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін көрсетілген мекенжай бойынша жүргізіледі: 2 корпус, 2-қабат, 17 кабинет, тел.: 292-11-63

ҚазСТА ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі

п

Close