
Алматы қаласы, КеАҚ Қазақ спорт және туризм академиясында, 2025 жылдың, 21.02 – 05.03. аралығында, 80 сағат көлемінде, Webex платформасы онлайн форматында «Дене шынықтыру педагогтарының пәндік – кәсіби құзыреттіліктерін дамыту», дене шынықтыру пәні бойынша орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арнлаған алғашқы рет біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Ұсынылған академияның бағдарламасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылы келісілген Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының тізбесінде тіркеу № 397.
Курс бағдарламасы келесі модульдерді қамтиды: Білім беру іс- әрекетін нормативті-құқықтық қамтамасыз ету, Дене шынықтыру сабақтарындағы педагогикалық тұғырларды жүзеге асыру, Білім алушылардың анатомиялық, психофизиологиялық, қозғалыс және жас ерекшеліктері, Инклюзивті білім беру контексінде оқытудың мазмұны және әдістері, Спорт ойындарын және спорттық-көпшілік іс- шараларды өткізу әдістемесі, Қазіргі мектептегі цифрлық дидактика және педагогикалық дизайн, Зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыру жүйесін модельдеу және құру немесе зерттеу әдістемесі, Вариативті модуль.
Курс дәріскерлері академияның ғалым – оқытушылары мен мектептердің мұғалім – шеберлері болды.