Без рубрики

ҚазСТА-ның «Күміс университеті» білім алушыларына сертификаттар табыс етілді

2024 жылдың 29 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Қазақ спорт және туризм академиясында «Күміс университеті» бағдарламасы аясында үлкен жастағы адамдардың біліктілігін арттыру курстары өтті.

36 сағат көлемінде бес курс өткізілді: «Компьютерлік сауаттылық» – Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы; «Тоғызқұмалақ ойынының теориясы мен тәжірибесі» – Күрес және ұлттық спорт түрлері кафедрасы; Скандинавиялық  серуендеу – Анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасы; «Жекпе-жек өнеріндегі тыныс алу жаттығуларының ерекшеліктері» – Бокс және шығыс жекпе-жек өнері кафедрасы; Зияткерлік ойындар теориясы және практикасы, Шахмат – Спорттық ойындар кафедрасы.

Бағдарламаның игерудің соңында кафедра меңгерушілерінің қатысуымен,  ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Дошыбеков А.Б. құттықтау сөздерімен салтанатты түрде сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.

Close