Без рубрики

Спорт академиясы мен №119 мектеп -лицейінің коллаборациясы:цифрлық ортада білім берудің сапасын арттырудың мүмкіндіктері (AP14871202)

2024 жылдың 5 қаңтарында AP14871202 гранттық қаржыландыру жобасының әзірлеушілері доктор PhD Дошыбеков Айдын Бағдатұлы және профессор Абсатова Марфуга Алматы қаласы № 119 мектеп-лицейінің мұғалімдеріне семинар-тренинг өткізді. Семинарда “Цифрлы мектеп”жобасын іске асыру шеңберінде цифрлық ресурстарды іске асыру мүмкіндіктері қаралды. Семинарға мектеп директоры Батырбекова Жаныл, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Керімбекова Әйгерім және пән мұғалімдері қатысты. Цифрлық білім беру ресурстары ретінде онлайн тақталардың мүмкіндіктері, интерактивті тапсырмаларды, жаттығуларды жасауға арналған платформалар, тесттер мен сауалнамаларды әзірлеуге арналған платформалар және презентациялар жасауға арналған құралдар қарастырылды. Кездесу барысында мұғалімдер нақты режимде google.forms арқылы онлайн сауалнама өтуге тырысты, kahoot платформасында оқу ойынын ойнап, Padlet онлайн тақтасына тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, семинарда М. Абсатованың жетекшілігімен біліктілікті арттыру курстарына белсенді қатысқан мұғалім Харсан Мейірлан цифрлық құралдарды таныстырды. Кездесу мұғалімдер мен мектеп басшылығының кері байланысымен және жылы лебіздерімен аяқталды.

Close