Без рубрики

Академия студенті Әзімханова Әсел Киокушин-кан каратэден өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қараша айының 24-26 күндері Алматы қ. «Sadu arena» спорт кешенінде Киокушин-кан каратэден Әлем чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға әлемнің 35 мемлекетінен іріктелген ең үздік 700-ге жуық спортшы жиналды.
Жарыс нәтижесінде ҚазСТА-ның SHD-FPSE-22-1 топ студенті – Әзімханова Әсел Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бапкері КазСТА түлегі, ҰРККФ Алматы облыстық филиал басшысы – Сүнбеков Бекжан Батырбекұлы.
Құттықтаймыз!
Close