Без рубрики
Есту қабілеті төмен спортшылар арасында өткен Азия чемпионатында ҚазСТА студенттері жеңіске жетті!
![406369524_1039780923807603_4927663561274167037_n](https://kazast.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/406369524_1039780923807603_4927663561274167037_n-1080x610.jpg)
Қараша айының 23-28 күндері Тегеранда (Иран) жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті.
Ел құрамасы сапында өнер көрсеткен “Алматы” спорт клубының спортшылары Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Күлдеев Нұрсұлтан- онсайыстан, найза лақтырудан және сырықпен секіруде үш алтын медальді жеңіп алып, үш дүркін Азия чемпионы атанса, Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері, еңбек сіңірген спорт шебері Бейсебай Рауан- онсайыста күміс, сырықпен секіруде және 110м кедергімен жүгіруде қола жүлдегер атанды. Құттықтаймыз!
![406326952_1039780917140937_3501477524743359061_n](https://kazast.edu.kz/wp-content/uploads/2023/11/406326952_1039780917140937_3501477524743359061_n-300x169.jpg)