Без рубрики
Академияда 12-14 сәуір аралығында «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылым салаларындамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты Халықаралық форум өткізіледі

Қазақ спорт және туризм академиясында 2023 жылдың 12-14 сәуір аралығында «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылым салаларындамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты Халықаралық форум өткізіледі. Форум аясында үш дербес іс-шара жүргізіледі:
✓ «Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру тәжірибесінің өзекті мәселелері» I-Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (12-сәуір);
✓ «Кәсіби даярлықтың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел (13-сәуір). Дөңгелек үстел шеңберінде келесі мәселелерді талқылау жоспарланған: 1) біліктілігі жоғары спортшыларды даярлау бойынша мамандардың жұмысы; 2) жоғары оқу орындарындағы кәсіби даярлықтың өзекті мәселелері.
✓ Дене шынықтыру және спорт саласындағы жетекші мамандардың шеберлік сабақтары;
✓ Ғылыми жобалар көрмесі.
Форумға қатысатындар:
– Гунина Лариса Михайловна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Украина Ұлттық дене шынықтыру және спорт университетінің оқу-ғылыми олимпиадалық институты директорының орынбасары;
– Айбалаев Абдиамит Жалилович – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясы, Бішкек қ., Қырғызстан Республикасы;
– Масырова Римма Рамазановна – педагогика ғылымдарының докторы, Еуразия технологиялық университетінің профессоры;
– Джатин Сони – ғылым докторы, Сварним Гуджарат атындағы спорттық университет;
– Сивохин Иван Павлович – педагогика ғылымдарының докторы, Қостанай өңірлік университеті;
– Никифорова Ольга Николаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей мемлекеттік аграрлық университеті К.А. Тимирязев атындағы МША;
– Маркин Эдуард Васильевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей мемлекеттік аграрлық университеті К.А. Тимирязев атындағы МША;
– Денисенко Юрий Прокофьевич – Татарстан Республикасы, Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінің дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры;
– Гераськин Анатолий Александрович – П.П.Ершов атындағы Есіл педагогикалық институтының дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті (Тюмень мемлекеттік университетінің филиалы) Ресей, Ишим қ.
Сонымен қатар жетекші мамандар, ҚазАСТ оқитын оқытушылар.






Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма