Без рубрики

Бос орындар жәрмеңкесі

  • 18 сәуір күні Қазақ спорт және туризм академиясы басшыларының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Биылғы жәрмеңкеге жұмыс беруші ірі компаниялар мен ұйымдар және кәсіпорындар қатысты. Аталмыш шараның басты мақсаты – Академияның бітіруші түлектерін өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға себепші болу. Жәрмеңке жұмыссыздықтың деңгейін төмендетіп, бітіруші түлектерге бір сәтте көптеген жұмыс берушілермен сөйлесіп, жаңа ірі компаниялармен танысуға мүмкіндік береді. Аталмыш жәрмеңкеде Алматы қаласының тұрғындарын жұмыспен қамту орталығынан бастап көптеген халықаралық және туристік компаниялар, банктер, мектептер мен колледждер, медициналық орталықтар қатысты. Атап айтар болсақ, М.Мақатаев атындағы «№ 140 мектеп- гимназия», № 146 мектеп- лицей,
    К.Азербаев атындағы «№ 15 жалпы беретін мектеп», Талдықорған қаласының «Өркен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры, Павлодар қаласының «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектеп»,
    «№5 мамандандырылған кешенді балалар-жасөспірімдер спорттық-техникалық мектебі» МКҚК, «№2 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК , «№9 жалпы білім беретін» КММ директоры, ТОО «Восемь озер» т.б. 50 тарта түрлі жұмыс беруші ұйымдар болды. «Жыл сайын Академияда түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Университетімізде әрбір факультетте жұмыс берушілер кеңесі жұмыс істейді. Бос орындар жәрмеңкесі жыл сайын өзінің тиімділігін аңғартып келеді. Бұл өз кезегінде бітіруші түлектердің жұмыс берушілермен сөйлесіп, талаптарды алдын ала білуге және көптеген мағлұмат алуға үлкен мүмкіндік береді», – деді Бірінші проректор М. З. Есқалиев. Кәсіби спорт және жекпе-жек факультетінің студенті Қаниятов Заманбек «Осы жәрмеңкеге арнайы келіп отырмын. Бұндай жәрмеңке оқуды енді ғана бітірген түлектер үшін таптырмас мүмкіндік деп санаймын. Мұнда менің мамандығыма байланысты көптеген жұмыс беруші ұйымдардың ұсыныстарымен танысып, кеңестер алдым»,– деп өз ойымен бөлісті.
Напишите сообщение…
Close