Без рубрики

Волейболдан студенттер спорт лигасы жалауын көтерді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен, Қазақстан Ұлттық студенттер спорт одағы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен оңтүстік-шығыс дивизионында орналасқан Жоғары оқу орындарының ерлер және әйелдер командалары арасында волейболдан студенттер спорт лигасы шымылдығын түрді.
Жарыстың басты мақсаты – волейболшы-студенттердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, студенттер спортын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Ұлттық студенттер спорт одағының Президенті Қайрат Закирьянов ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауының арқасында студенттер спорты жүйеленіп келе жатқанын атап өтті. Қайта жанданған студенттер спорт лигасы бүгінгі таңда білім алушыларға үлкен мереке іспетті. Жарыс көрігін қыздарған студенттер турнирге бар дайындықтарымен келген.
Әйелдер арасындағы тартыс Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, Нархоз университеті, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, СДУ, ҚазҰАЗУ, КазСТА сияқты ЖОО студенттері арасында өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ қыздары үшінші орыннан көрінді. Ал Асфендияров атындағы ҚазҰМУ арулары екінші орынды місе тұтса, Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері жеңімпаз атанды.
Ал ерлер командалары арасындағы бәсеке бүгін басталды. Азаматтық авиациялық академиясы, Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰАЗУ, ҚазБСҚА (КазГАСА), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, СДУ, Нархоз университеті , ҚазСТА студенттері өзара кіл мықтыны анықтайды.
Студенттер спорт лигасының жеңімпаздары Түркістан қаласында өтетін Республикалық финалдық кезеңге жолдама алады.

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close