Без рубрики

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына орай «Айтатын саған сырым бұл…» атты поэзия кеші өтті

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына орай «Айтатын саған сырым бұл…» атты поэзия кеші өтті. Студенттер мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірінен ерекше шығармашылық театралды қойылымдар әзірлеп, көрермен жүрегін тебірентті. Сахна төрінде өнерпаздар ән айтып, би билеп, күй шертті. Ақын 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданында Қарасаз ауылында дүниеге келген еді. Ғасыр ақынының шығармашылығына деген қазақтың құрметі осы уақытқа дейін бір кеміген емес. Өмірін өлеңмен өрнектеген сөз шеберінің шығармашылығы қашан да жоғары деңгейде дәріптеліп келеді. Жаңа кітаптардың басылып жатқаны осыған куә.

329999297_1358442148240230_5295003757438194254_n (1) 329913632_6604950882852536_2133448524584214815_n 330365776_708234937516808_2356409331293454772_n 330311792_1846604799025823_8154551328850058324_n 329660550_1453942592089257_7680012528652789615_n 329876235_496677732666273_3463075756460802757_n

Close