Без рубрики
Қазақ спорт және туризм академиясының ұжымы «Қаймар» туристтік және спорттық базасында «Денсаулық күнін» атап өтті.
ҚазСТА ұжымы балаларымен Талғар ауданының таза ауасында шаңғы теуіп, сырғанап, би билеп демалысты көңілді өткізді.
Сондай-ақ ҚазСТА ректоры Бауыржан Закирьянов өз сөзінде Академия үшін команданың рөлі жоғары екендігін, болашақта Қапшағай су қоймасындағы демалыс аймағында да тимбилдингтер ұйымдастыру ойда бар екендігін айтты.
ҚазСТА-ның материалдық-техникалық базасымен танысу, белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау, патриотизм мен ұжымдастыруды қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауды үйрету дәстүрге айналған іс-шараның басты мақсаты болып келеді.