Без рубрики

Мисс-КазСТА 2021

14 мамыр күні Қазақ спорт және туризм академиясында онлайн форматта “Мисс КазАСТ -2021” сұлулық байқауы өтті.  Олимпиадалық спорт факультеті, кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті және туризм факультеттерінен талантты да сұлу бойжеткендер бақ сынады. Онлайн форматта өткізілген сұлулық байқауы төрт кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, шығармашылық өнер, қолөнер, сұрақ-жауап.

Әділ-қазылар алқасы:

– ғылым және стратегиялық даму проректоры Құлбаев Айбол Тінәлұлы;

– Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы;

– Президенттің баспасөз қызметінің басшысы Бейсебаева Алия Ерланқызы;

– Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының оқытушысы Көпжанов Ғалымжан Балықпайұлы.

Барлық кезең бойынша Кәсіби спорт және жекпе-жек факультетінің 2 курс студенті Нүсіпбек Гаухар Алтайқызы “Мисс КазАСТ -2021” байқауының жеңімпазы атанды.

IMG_7225

Номинация иленген аруларымыз:

Аухинова Аида Аргыновна  ФТ 2 курс –  «Мисс Очарование – 2021»

Ертисова Роза Нагашбековна ФПСиЕ 1 курс  – «Мисс Талант – 2021»

Талгат Даяна ФПСиЕ 1 курс– «Мисс Дружелюбие – 2021»

Байсеит Асем Жумадиловна ФПСиЕ 2 курс– «Мисс Индивидуальность – 2021»

Бухпабаева Лаура Ардаковна ФПСиЕ 1 курс –  «Мисс Грация – 2021»

Аруларымыз ақшалай сертификаттармен  және грамоталармен марапатталды.

 

Барлық жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

 

Close