Без рубрики

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

        2019 жылдың  12 сәуірде Қазақ спорт және туризм академиясы «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Білім беру, дене мәдениеті және спорттағы инновациялар» атты ғалымдар мен мұғалімдердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияға Республиканың барлық аймақтарынан: Астана қаласы, Алматы қаласы, облыстар: Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Шығыс-Қазақстаннан білім беру, дене мәдениеті және спорттағы инновациялар мәселелері бойынша жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар, білім беру мекемелерінің жетекшілері,  директорлар, әдіскерлер, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері, студенттер, магистранттар, докторанттар құрамымен 200-ден аса адам қатысты.
      Қатысушылар білім беру, дене мәдениеті және спорттағы инновациялардың теориялық-әдіснамалық, философиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелерін жан-жақты талқылады. Баяндамаларында жастардың білім беру, спорт және дене тәрбиесінің заманауи мәселелері; дене мәдениеті және туризм бойынша мамандарды кәсіби даярлау; дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің менеджменті және маркетингі; дене мәдениеті мен спорттан ЖОО, колледж және мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіндегі инновациялық технологиялар; сауықтыру және бейімдік дене шынықтырудың тәжірибесі сияқты  мәселелер көрініс тапты. Сондай-ақ, дене шынықтыру мен спортты дамытудың әлемдік оңтайлы тәжірибелері  талқыланды.

cC1jr3Js7fQEY9-p6kaRlg eZeRg2mtQnAM0mc708Wd_c t9k3UfJ9MWE UCLX3kz_yJM       

 

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close