Без рубрики

«Қазақтану» жобасы аясында студенттерге арналған шеберлік сағат өтті.

2019 жылдың 26 сәуірінде Қазақ спорт және туризм академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге «Қазақтану» жобасы аясында Туризм, Олимпиадалық спорт және Кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті студенттеріне арналған шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатты лектор және отбасылық кеңесші Ақан Мергембай жүргізіп, ол өз сөзінде отбасылық дәстүрдің маңызды аспектілерін және балалардың болашақ отбасылық өміріне дайындықтары туралы айтып өтті.

Шеберлік сағатта келесі тақырыптар талқыланды: отбасын дайындаудың маңыздылығы; отбасын құрудың алғышарттары; отбасылық оқыту нысандары; отбасын құрудың маңыздылығы; Отбасы институтының жағдайы туралы.
Іс-шара барысында түрлі сұрақтар қойылып, тақырыптар жан-жақты талқыланды. Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарға толықтай жауап алды.

iXvso1tfObM mcRfvjXLtyQ xuj9dm8Qb3g bxflVjvPjAs

Close