«Ауылға дипломмен бірге» мемлекеттік бағдарламасы
Астындағы мамандықтар бойынша :
- білім;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік қамсыздандыру;
- мәдениет және спорт;
- ветеринария жоғары оқу орнын бітірген студенттер үшін мемлекет ауылдық жерлерде тиісті әлеуметтік қолдаумен жұмыс ұсынады.
Жас мамандардын әлеуметтік қолдауы:
- 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеуді ұсыну;
- 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алу және салу үшін бюджеттік кредит беру;
- ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына тарифтік ставкалардан (қалалық елді мекендерде) кем дегенде 25% лауазымдық жалақысын көтеру.
Бағдарламаға қатысу үшін қажет:
- Сіз таңдаған елді мекенде (ауылдық мектеп, аурухана, мәдениет үйі, спорт кешендері және т. б. өз бетінше жұмыс іздеп табу;
- Жұмысқа қабылдау кезінде үміткер аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш берү;
- Жұмыс табу мүмкіндігі болмаған жағдайда, сіз ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жолықсаңыз болады, өңірлердегі кадрлардың қажеттілігі туралы деректер облыстық әкімдіктер басқармаларының сайттарында орналастырылған.
Қажетті құжаттар:
Көтерме жәрдемақы алу кезінде: өтініш;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- білімі туралы құжаттың көшірмесі (диплом);
- жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
Көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер жоғарыда аталған үміткерден талап етуге құқығы жоқ.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша ұсынылады:
- сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
- неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
- осы ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының (зайыбының) және балаларының жылжымайтын мүлкінің жоқ(бар) екендігі туралы анықтама.
Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша ұсынылады:
- маманның атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
- кепіл мүлкін бағалау актісі;
- кепіл мүлкін сақтандыру шарты;
- берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысының бір бөлігін қоса қаржыландыруға жазбаша келісім;
- неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
Түпнұсқаны анықтау үшін құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың түпнұсқалары да ұсынылады.
Жоғарыда аталғандардан өзгеше өзге де құжаттардың кандидаттан талап етуге құқығы жоқ.