6В01401 – «Дене шынықтыру және спорт», 6В01403 – «Бейімдік дене шынықтыру және спорт», 6B01404 – «Фитнес және рекреация» Білім беру бағдарламасы бойынша

6В01401 – «Дене шынықтыру және спорт»

Білім беру бағдарламасы:

– Оқу (танысу) практика (ЖОББМ негізінде толық 4 жылдық оқу мерзімінің 1 курс) ;

– Психологиялық-педагогикалық практика (ЖОББМ негізінде толық 4 жылдық оқу мерзімінің 2 курс, ТжКБ негізінде қысқартылған 3 жылдық оқу мерзімінің 1 оқу жылы);

– Педагогикалық практика (ЖОББМ негізінде толық 4 жылдық оқу мерзімінің 3 курс, ТжКБ негізінде қысқартылған 3 жылдық оқу мерзімінің 2 оқу жылы, ЖОО негізінде қысқартылған 2 жылдық оқу мерзімінің 1 оқу жылы);

– Кәсіби-зерттеу практика (ЖОББМ негізінде толық 4 жылдық оқу мерзімінің 4 курс, ТжКБ негізінде қысқартылған 3 жылдық оқу мерзімінің 3 оқу жылы, ЖОО негізінде қысқартылған 2 жылдық оқу мерзімінің 2 оқу жылы).

 

6В01403 – «Бейімдік дене шынықтыру және спорт»

 Білім беру бағдарламасы:

– Оқу (танысу ) практика (ЖОББМ негізінде толық 4 жылдық оқу мерзімінің 1 курс) ;

– Психологиялық-педагогикалық практика (ЖОББМ негізінде толық 4 жылдық оқу мерзімінің 2 курс, ТжКБ негізінде қысқартылған 3 жылдық оқу мерзімінің 1 оқу жылы)  ;

– Педагогикалық практика (ЖОББМ негізінде толық 4 жылдық оқу мерзімінің 3 курс, ТжКБ негізінде қысқартылған 3 жылдық оқу мерзімінің 2 оқу жылы) ;

– Кәсіби-зерттеу практика (ТжКБ негізінде қысқартылған 3 жылдық оқу мерзімінің 3 оқу жылы).

6В01404 – «Фитнес және рекреация» Білім беру бағдарламасы:

– Оқу (танысу) практика (ЖОББМ негізінде толық 4 жылдық оқу мерзімінің 1 курс)

Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу үшін оқу басқармасының (ОБ) практика маманы, бітіруші кафедра меңгерушілерімен және практика базаларымен бағдарламалар әзірленген және келісілген, сондай-ақ ынтымақтастық туралы келісім-шарттар уақытылы жасалған.

Оқу (танысу) практикасы 1 курста өткізіледі. Оқу (танысу) практикасы «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасында бекітіліп, «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу пәні шеңберінде өткізіледі. Оқу (танысу) практика бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді. Оқу (танысу) практикасының мақсаты жалпы мәдениетті дамыту және студенттердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Психологиялық-педагогикалық практика (білім беру мекемелерінде) 2 курста өткізіледі. Психологиялық-педагогикалық практика білім алушылардың Педагог мамандығына деген тұрақты қызығушылығы мен оң көзқарасын тәрбиелеуге, білім алушылар ұжымының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу рәсімімен практикада танысуға, сабаққа (тәрбие іс-шарасына) психологиялық-педагогикалық талдау жүргізу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Психологиялық-педагогикалық практиканың мақсаты (білім беру мекемелерінде) – кәсіби салада табысты бейімделу мен қажетті құзыреттерді алу үшін студентті ұйымның (кәсіпорынның, мекеменің) әлеуметтік ортасына тарту.

Педагогикалық практика 3 курста өткізіледі. Педагогикалық практика қоғамдық, психологиялық-педагогикалық және арнайы пәндер мен практиканы зерделеу кезінде алынған теориялық білімдер арасында байланыс орнатуға бағытталған; студенттердің пән бойынша оқу, сыныптан тыс, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу, практикалық дағдыларын қалыптастыру; студенттердің орта білім берудің жаңартылған пәннің мазмұны талаптарына сәйкес білім беру мекемесінде тиісті құжаттаманы рәсімдеу қабілетін қалыптастыру. Педагогикалық практика студенттерге диагностикалық қызметті жүзеге асыруға, мектепке бейімделуге, коммуникативтік мәдениетті қалыптастыруға, ұйымдастырушылық дағдыларды, педагогикалық қарым-қатынас тактикасы мен стратегиясын дамытуға мүмкіндік береді. Педагогикалық практиканың мақсаты-білім беру жүйесінде оқытудың оқу-тәрбие процесін іске асырумен байланысты кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру, студенттердің әлеуметтік және кәсіби бейімделу жағдайларын қамтамасыз ету, олардың педагогикалық кәсіптің нормалары мен құндылықтарын игеруі, студенттердің практикалық педагогикалық қызмет тәжірибесін алуы.

Кәсіби зерттеу практика (білім беру мекемелерінде / спорт ұйымдарында) 4 курста өткізіледі. Кәсіби зерттеу практика студенттерді “өндірістік” қызметтің нақты жағдайында дене шынықтыру және спорт маманының негізгі кәсіби функцияларын дербес және шығармашылық орындауға, ғылыми-зерттеу қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттамаларды таңдап, дайындауға бағытталған. Еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырады. Оқытудың соңғы кезеңі болып табылады және студенттердің бастапқы кәсіби тәжірибені жинақтау, болашақ түлектің дербес еңбек қызметіне дайындығын тексеру үшін теориялық және практикалық оқыту бағдарламасын меңгергеннен кейін жүргізіледі. Кәсіби зерттеу практикасының мақсаты – нақты қызмет жағдайында кәсіби позицияны сынақтан өткізу: білім беру ортасын, оқу-тәрбие / оқу – жаттығу процесін жобалау, іске асыру және бағалау, ғылыми-зерттеу қызметі үшін қажетті материалдар мен құжаттамаларды іріктеу саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Құзыреттілікті қалыптастыруды аяқтайтын білім беру мекемелерінде оқытушылық қызметтің практикалық дағдыларын, сондай-ақ өзіндік кәсіби қызмет тәжірибесін игеру.

MINOR бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін кәсіби зерттеу практика бағдарламасына таңдалған траектория бағытына сәйкес қосымша модуль енгізіледі. Модуль бойынша есептілікке қойылатын талаптары бар тапсырмаларды Minor оқытушылары және Minor үйлестіретін кафедра меңгерушілері әзірлейді, оларды кәсіби зерттеу практика бағдарламасына енгізу үшін практика жетекшісіне береді, сондай-ақ Академияның бұйрығы бойынша бұл оқытушылар практика бағдарламасының тұтастай орындалуын бағалау үшін қорытынды конференция өткізу жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.

2023-2024 оқу жылында кәсіби зерттеу практиканы өткізу үшін 20 студентпен жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту және түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру мақсатында Академия, білім алушы және жұмыс беруші арасында кейіннен жұмысқа орналасумен 3 жақты шарт жасалды.

2023-2024 оқу жылына арналған практика базалары бойынша негізгі серіктестер:

  1. Алматы қ. «№146 мектеп-лицейі» КММ.
  2. Алматы қ. «№58 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  3. Алматы қ. «№167 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  4. Алматы қ. «№124 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  5. Алматы қ. «№13 мектеп-гимназия» КММ.
  6. Алматы қ. «№119 мектеп-лицей» КММ.
  7. Алматы қ. «№67 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  8. Алматы қ. «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  9. Алматы қ. «№55 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  10. Алматы қ. «№173 мектеп-лицей» КММ.
  11. «Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты».
  12. Алматы қ. «№141 жалпы білім беретін мектеп»
  13. Алматы қ. «№42 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  14. Алматы қ. «№149 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  15. Алматы қ. «73 Гвардиялық Қызыл Тулы Сталинград Дунай атқыштар дивизиясы атындағы №64 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  16. Алматы қ. «Республикалық физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
  17. Алматы қ. «№26 жалпы білім беретін мектеп».
  18. Алматы қ. «№112 жалпы білім беретін мектеп».
  19. Алматы қ. «Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ.
  20. Алматы қ. «№61 жалпы білім беретін мектеп».
  21. Алматы қ. «№49 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  22. Алматы қ. «№74 Жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  23. Алматы қ. «№76 жалпы білім беретін мектеп».
  24. Алматы қ. «№83 гимназия».
  25. Алматы қ. «№8 мектеп-гимназия» КММ.
  26. Алматы қ. «№143 мектеп-лицей» КММ.
  27. Алматы қ. «№34 гимназия» КММ.
  28. Алматы қ. «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі».
  29. Алматы қ. «№95 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  30. Алматы қ. «№20 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  31. Алматы қ. «М. Әуезов атындағы № 128 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  32. Алматы қ. «№120 Лингвистикалық Гимназия».
  33. Алматы қ. «№88 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  34. Алматы қ. «№40 жалпы білім беретін мектеп».
  35. Алматы қ. «№116 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  36. Алматы қ. «№94 мектеп-гимназия» КММ.
  37. Алматы қ. «№63 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  38. Алматы қ. «М. Жұмабаев атындағы № 137 жалпы білім беретін мектеп» КММ.
  39. Алматы қаласы білім басқармасының «№7 Оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
  40. Алматы қ. «Педагог академиясы»  Қоғамдық бірлестігі жанындағы инклюзивті мектеп
  41. Алматы қ. «Жарқын жүрек» Қазақ мүгедектер қоғамы» Қоғамдық бірлестігі.
  42. Алматы қ. «Есту қабілеті нашар балаларға арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ.
  43. Алматы қ. «Н.Островский атындағы зағиптер және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернаты» КММ.
  44. Алматы қ. “ЕРЗИ” мүгедектер қауымдастығы қоғамдық бірлестігі.
  45. «Ақ жол-М» қоғамдық қоры.
  46. Алматы қ. Н.Ким атындағы гимнастика академиясы.
  47. Алматы қ. «№2 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК.
  48. Алматы қ. «№3 Кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК.
  49. Алматы қ. «№10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»
  50. Алматы қ. «К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі».
  51. Алматы қ. «Қайрат ФК» ЖШС.
  52. Алматы қ. «Медина» спорт кешені
  53. Алматы қ. «KazAST International football school «KIFS» ЖК.
  54. Алматы қ. Республикалық спорт колледжі.
  55. Алматы қ. «№4 Мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК.
  56. Алматы қ. «Елюхан» кәсіби спорт клубы.
  57. Алматы қ. «Жарқын жүрек» Қазақ мүгедектер қоғамы» Қоғамдық бірлестігі.
  58. Алматы қ. Заңғар Жаркешев атындағы волейбол академиясы.
  59. Алматы қ. «Stormz Volleyball Academy» – ЦСКА СТК.
  60. Алматы қ. Спорт және туризм академиясының спорт клубы ЖШС.
  61. Алматы қ. Окинава-тэ годзю-рю каратэ Қазақстандық қауымдастығы
  62. Алматы қ. «Сарбаз» спорт кешені.
  63. «№5 БЖСМ СК» МКҚК.
  64. «Ұлттық және Ат спорты түрлері бойынша Қарасай аудандық БЖСМ» КММ.
Close