Қазақ, орыс және шет тілдер кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

Қазіргі уақытта кафедрада «Кәсіби-бағдарлы шет тілін оқытуда дене шынықтыру мамандығы студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Шеттілдік кәсіби бағытталған оқыту үдерісіндегі негізгі мәселелерді анықтау мақсатында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, осы мәселелерді шешудің ғылыми жолдары ұсынылады.

2024 жылдың қаңтар айында академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттеріне арналған «Ғылыми мақала, ағылшын тілінде ғылыми мақала жазу ережелері» тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Аталған вебинарды 2023 жылы Baker Street Education Center “Writing a Scientific Paper and Basics of Statistic Methods of Analysis in IBM SPSS Statistics” курсын сәтті аяқтаған кафедра оқытушысы Бақытжан Э.Қ. ұйымдастырды.

НИР Иностранных языков

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми конференцияларға тұрақты түрде қатысады, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым комитеті ұсынған журналдарда, SCOPUS деректер базасында және басқа да отандық және халықаралық рецензияланатын журналдарда зерттеу нәтижелерін жариялайды. 2023 жылы кафедраның аға оқытушылары Минбаева С.М., Мирзалиева С.Е. “Global Science and Innovations 2023: Central Asia, Astanaи “Educational spaces: International approaches and sustainable solutions for creating a prosperous educational environment, Czech Republic” онлайн ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

НИР Иностранных языков(1) 

В марте 2022 года преподаватель кафедры Бақытжан Эльмира Қаржаубайқызы прошла зарубежную стажировку в Юго-Западном университете «Неофит Рилски», Болгария, г. Благоевград, для проведения научно-исследовательской работы с 22 марта 2022 года по 15 апреля 2022 года. Целью научно-исследовательской зарубежной стажировки было закрепление практических навыков применения современных методов научных исследований в области подготовки студентов неязыковых специальностей. Совместно с зарубежным научным консультантом профессором, д.п.н С.Х.Дерменджиевой была написана статья по теме “The actuality of teaching foreign language using digital technology at non linguistic universities”.

Кафедра оқытушысы Бақытжан Эльмира Қаржаубайқызы 2022 жылдың 22 наурызы мен 2022 жылдың 15 сәуірі аралығында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Болгария, Благоевград қ., «Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университетінде шетелдік тағылымдамадан өтті. Ғылыми-зерттеу шетелдік тағылымдамасының мақсаты тілдік емес мамандықтардың студенттерін даярлау саласында заманауи ғылыми зерттеу әдістерін қолданудағы тәжірибелік дағдыларды бекіту болды. Шетелдік ғылыми кеңесші, профессор, педагогика ғылымдарының докторы С.Х.Дерменджиевамен бірлесіп “The actuality of teaching foreign language using digital technology at non linguistic universities” тақырыбында мақала жазылды.

2021 жылы Түркияның Анкара қаласында өткен “Trends in science and practice of today” атты XXVIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу нәтижесінде «The role of intercultural communication during teaching foreign language to students of sport faculty» мақаласы жарияланды.

 НИР Иностранных языков(2)

Close