Күрес және ұлттық спорт түрлері кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы спортшыларды даярлаудың теориялық, әдіснамалық және әдістемелік мәселелерін қамти отырып “Мектеп жасындағы спортшыларды даярлаудың жас және жеке ерекшеліктері” бағытында ғылыми-зерттеу қызметін жүргізеді.

Кафедрада ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында Профессор, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шепетюк Михаил Николаевичтің 70 жылдығына арналған “Білім берудегі, дене шынықтырудағы, спорттағы және туризмдегі инновациялар” атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция  өткізді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы “Өркениет” ғылыми үйірмесінде студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Жыл сайын кафедраның ПОҚ оқулықтар, монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар шығарады. Кафедра меңгерушісі, PhD  Дошыбеков А.Б. “Балалар және жасөспірімдер спортының теориясы мен әдістемесі” атты оқу құралын шығарды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты,  профессоры  Шепетюк М.Н. 2023 жылы “Дене шынықтыру және бұқаралық спорт түрлерімен айналысуды ұйымдастыру” атты  оқу-әдістемелік құралын  екі тілде жарыққа  шығарды.

Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор, кафедраның қауымдастырылған профессоры, PhD Дошыбеков А.Б. “жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы”ҚР Ұғм қаржыландыратын ғылыми жобаны басқарады.

Кафедраның аға оқытушысы Г. Б. Көпжанов ҚР МҒМ қаржыландыратын екі ғылыми жобаға қатысады: “жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды форсайт-зертханасы”, “Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ((WHOQOL-BREF) Kaz) шкаласының көрсеткіштерін талдау негізінде ЖОО білім алушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру”

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми-зерттеу қызметінің деректерін ҚР МНҰ БСҒСН журналдарында, Scopus базасының cite Score бойынша процентиль көрсеткіші бар журналдарда, сондай-ақ Web of Science базасында, Қазақстан Республикасының, алыс және жақын шет елдердің халықаралық ғылыми конференциялары материалдарының жинақтарында белсенді жариялайды.

 

ҰСТ және Күрес кафедрасы оқытушыларының жарияланымдары

Публикация денгейі 2019 2020 2021 2022 2023
Оқулықтар, монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар 1 1 6 3
Scopus деректер базасында жарияланған мақалалар   6
Шет елдерде және ТМД елдерінде жарияланған мақалалар 5 11 2
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің журналдарында жарияланған мақалалар 8 15 8
Қазақстан Республикасының басқа журналдарында немесе шетел басылымдарында жарияланған ғылыми мақалалар 2 3 2 15 14

 

Close