Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

Қазақ спорт және туризм академиясы базасында Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы

Қазақ спорт және туризм академиясы базасында Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының ашылғаны туралы хабарлама

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік ұлттық институты (QAZPATENT) қолдауымен Қазақ спорт және туризм академиясы базасында Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы (ТИҚО) ашылды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік ұлттық институты (QAZPATENT) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) серіктесі болып табылады. Ынтымақтастық зияткерлік меншік нәтижелерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша білімді таратуға, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге өтінімдер санын арттыруға, өнертапқыштық қызметті көбейтуге, өнертапқыштық пен инновациялық қызметті қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғау және пайдалану мәселелерін насихаттауға арналған конференциялар, семинарлар мен басқа да іс-шараларды өткізуге бағытталған.

Мұндай Орталықтың ашылуы зияткерлік меншік саласындағы әлеуетті арттыруға, сондай-ақ осы саладағы мамандарды даярлау деңгейі мен тиімділігін көтеруге, академиядағы өнертапқыштық қызметті ынталандыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында мұндай орталықтардың желісі мемлекеттің инновациялық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және өнертабыстардың авторлары мен патент иелерін ақпараттандыру, оларға зияткерлік меншік нысандарын патенттеу мен тіркеу бойынша қызметтер көрсету мақсатында құрылуда. Сонымен қатар, бұл орталықтар жас ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар мен жаңашылдардан бастап зияткерлік меншікті өмірге енгізуге және оны ауқымдауға мүдделі бизнес-орта өкілдеріне дейінгі зияткерлік қызметтің барлық қатысушылары арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. ТИҚО-ның құрылуы Қазақ спорт және туризм академиясының шығармашыл қызметкерлеріне өз идеяларын нақты технологиялар мен заттарға айналдыруға мүмкіндік береді!

 

Құрметті жас ғалымдар, қызметкерлер мен ҚазАСТ

оқытушы-профессорлық құрамы!

ТИҚО қызметі, зияткерлік меншік нысандарын тіркеу мәселелері бойынша Ғылым және халықаралық байланыстар бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз. Бөлім басшысы – Кенжебекова Гүлсін Уалиевна, 2-оқу корпусы,  17-кабинет, электрондық пошта: gkenzhebekova@mail.ru Телефон: 292-11-63

Национальная сеть ЦПТИ в РК

Отчет ВОИС_2022

Презентация ЦПТИ

Информация о Kazpatent – Национальный институт интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖