sliderАРХИВ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ – АТА ЗАҢ

Мемлекеттің негізгі Заңы – Конституция, Ата Заң.

Ата Заңның негізінде өзге заңдар жазылады. Сондай-ақ, Конституция қазіргі  заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі. Тәуелсіз елдердің барлығының дерлік өз Контитуциялары бар.

Тәуелсіз Қазақстанның да өз Ата Заңы бар. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде елде Конституция 1993, 1995 жылдары екі рет қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған қазіргі қолданыстағы Конституцияға 1998, 2007, 2011, 2017 және 2019 жылдары өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

Келесі өзгерту мен толықтыру үстіміздегі жылдың 5 маусымы күні өтетін болып белгіленді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 29 сәуірі күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының  «Ел бірлігі жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында референдум өткізуді ұсынатынын және мұндай референдум елімізде соңғы рет 1995 жылы қазіргі қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткізілгенін атап өтті.

Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халық қалауының айқын көрінісі болады деп есептеймін. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Референдуммемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Халықтың пікірін білу, халықпен ақылдасу, халықтың қолдауына мұқтаж болу. Міне азаматтық қоғамның белгісі. Осы орайда біз Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз тарапымыздан еліміздің  жарқын болашағы мен мемлекетіміздің гүлденуі үшін референдумға жаппай бүкіл халық болып қатысу парызымыз деп түсінуіміз керек.

Бұл жолы Конституцияның  33 бабына 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр. Бұл конституциялық реформалар Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтіп, халықтың ел басқару ісіне араласу мүмкіндігін кеңейтеді деген үміттеміз. Соның ішінде сайлау үдерісін жаңғырту, құқық қорғау институттарын күшейту, елдегі әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру туралы мәселелер көңілге қуаныш ұялатады. Біз Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде еліміздің болашағына алаңдаймыз және осы референдумнан көп үміт күтеміз.

Проверьте также

Close
Close