sliderАРХИВ

«МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР»

Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай 22 сәуір күні Академиямызда «МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР»  деген тақырыпта тәрбие сағаты өтті

Мақсаты: Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат,  қызық мол жылдар» атты романы негізінде  студенттердің ғашықтық сезім туралы ойларын білу,  іздендіру, кітап оқуға баулу, мәдениеттілікке тәрбиелеу, болашақ маман иелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбие сағатты ұйымдастырған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Калимаш Нұратдинқызы Жанғанатова және кітапхана ұжымы.

Нұргүл Салимгерейқызы Джумадилова басқаратын кітапхана ұжымының жетекші мамандары: Мейрамгалиева Жанна Касымжановна, Байбулова Ляззат Султанбековна, Рахимбекова Жанар Нургабыловналардың ұйымдастыруымен Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай кітап көрмесі өтті. Жазушының шығармашылығына  қатысты бейне материал түсіріліп,  студенттердің  назарына  ұсынылды.

Тәрбие сағаты сайыс түрінде өтті. Сайысқа Олимпиадалық спорт факультетінің, Кәсіби спорт және жекпе-жек факультетінің 1-2 курс студенттері қатысты. Сайысқа қатысқан студенттер Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан мәнерлеп  үзінді оқып, жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Сайыстың үшінші кезеңінде «Махаббат символы тақырыбында» сурет салып, оны  көпшілік алдында қорғап шықты.

IMG_5755IMG_5770

IMG_5763

Сайыстың жеңімпаздары:

1 орын   Аубакиров Асқар КСжЖЖФ-21-1 студенті;

2 орын   Ербол Диас ОСФ-20-8 студенті;

3 орын   Абикеев Мадияр ОСФ-20-1 студенті.

Мерекелік іс-шараның құрметті қонақтары ҚазСТА оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі Проректор Д.К. Нұрмұханбетова; ДШжС университеттерінің   халықаралық ассоциациясының атқарушы директоры  / Академияның басқару аппаратының Жетекшісі А.Н. Макогонов,  Қазақстанның ұлттық студенттік спорттық одағының Вице-Президенті / Бұқаралық спорт жұмысы және тәрбие бөлімінің Жетекшісі  М.З. Есқалиев кеш соңында сайысқа қатысқан студенттерге ыстық ықыласын білдіріп, осындай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.

IMG_5753

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Асель Ашимтайқызы Ибраимова сайыс жеңімпаздары мен сайысқа қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.

Close