АРХИВ

Бәрі де сіздер үшін – арулар, асыл жандар!

Қазақ спорт және туризм академиясының ер-азаматтары көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен университеттің барша әйелдер қауымын құттықтады!

Барша табиғат оянып, осынау бір әлем түрленер шақ пен тұспа-тұс келетін 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында, ҚазСТА жігіттері нәзік жанды аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Бәрі де сіздер үшін» атты мерекелік концертін ұсынды. Мерекелік концерт ҚазСТА президентінің жүрекжарды құттықтау сөзімен басталды. «Барша нәзік жандарды 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Көктемнің алғашқы мерекесі баршаларыңызға тек жақсылық әкелсін. Біздің ҚазҰУ ұжымының басым көпшілігін нәзік жандылар құрайды, әрқашанда тапсырылған жұмысты асқан жауапкершілікпен атқарып, ұжымның береке-бірлігін келтіріп отырған осы әйелдер қауымы. Сіздер барда қоғам да, мемлекет те бақытты болары ақиқат», – деді Қайрат Қайроллаұлы.

Бүгінгі ерке қыз-ол ертеңгі бір үйдің түтінін түтетіп, берекесін келтіріп отырар ару ана, келешек ұрпағына үлгі болар ақ жаулықты әжелерге арналған мерекелік шара әдемі ән мен мың бұралған бишілердің биімен жалғасын тапты.

Академияның сері жігіттері би билеп, әннен шашу шашқан шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесіне арнайы дайындалған мерекелік концерт, биыл да жоғары деңгеймен есте қалды.

 

архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
архат
Close