АРХИВ

Қазақ спорт және туризм академиясы «2017-жылдың үздік оқу орны» болып есептелді.

7 желтоқсан күні Қазақ спортының қара шаңырағы Қазақ Спорт және Туризм академиясы мен республикалық «Спорт жұлдыздары» ғылыми-әдістемелік журналы бірлесе отырып «Жыл үздіктері-2017» жеңімпаздарын марапаттау салтанаты мен өнерге жақын ұстаздар арасындағы «Мәңгілік елім – Қазақстаным!» патриоттық әндер фестивалін өткізді.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Ел Тәуелсіздігі мейрамы қарсаңында өтіп отырған бұл шараның мақсаты Қазақ елінің мерейін асырып жүрген спортшылар мен спорт саласында дара шыққан үздіктерді марапаттап, олардың ел үшін атқарып жүрген еңбектерін бағалау.

Марапаттау кешінің  құрметті қонақтары ретінде  қазақ спорт журналистикасының дарабозы, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, 11 Олимпиада ойындарын көзімен көріп, 15-тен астам кітап жазған еліміздегі жалғыз жазушы-журналист Жүнісбаев Несіп Жүнісбайұлы, бокстан Олимпиада чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Ермахан Ибраимов, қазақ спортының жанашыры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми орталығының бас директоры, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаев,  ережесіз жекпе-жектің шебері Қуат Хамитов «Найман», грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс, әлем чемпионатының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы,  жекпе-жектен әлем чемпионы Арман Ашимов,  қазақ қыздары арасында бокстан тұңғыш шыққан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай, Қазақ Спорт және Туризм академиясының проректоры Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы бастаған т.б. қонақтар  болды.

Аталған шарада жеңімпаздар «Жылдың үздік бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырушысы -2017»

«Үздік спортқа жанашыр аудан әкімі-2017»

«Жылдың үздік халықаралық федерациясы-2017»

«Үздік спортқа жанашыр мектеп-2017»

«Жылдың үздік спортшысы-2017»

«жылдың үздік оқу орны» сияқты номинациялар бойынша марапатталды.

Қазақ спорт және туризм академиясы «2017-жылдың үздік оқу орны» болып есептелді.

IMG_7849   IMG_7852

IMG_8094

 

Close