Халықаралық жоба: мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша жаңа мүмкіндіктер

2026 жылдың 20–23 сәуір аралығында Қазақ спорт және туризм академиясында RITA – «Өңірдегі өзгерістер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету бойынша практикалық құзыреттерді қалыптастыру» атты халықаралық жоба өтеді. Жоба «Демократия үшін білім беру» қоры тарапынан Польша-Америка Еркіндік Қорының бірлесіп қаржыландыруымен іске асырылады.
Жобаның негізгі мақсаты – қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас әлеуметтік қызметкерлеріне мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеудің польшалық тәжірибеге негізделген практикалық әдістерін үйрету. Жоба аясында:
40 жоғары оқу орны оқытушылары заманауи оқыту әдістемелері бойынша апталық оқудан өтеді;
60 студент пен жас маман мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Курстың тілі: орыс, ағылшын (аудармамен).
Ұйымдастырушылар:
«Еуропалық спорт және құтқару орталығы» қауымдастығы (Быдгощ қ., Польша);
WSG University, Польша;
Қазақ спорт және туризм академиясы, Қазақстан.
Курс барлық қатысушылар үшін тегін өткізіледі.
Қамқорлық және қолдау көрсетушілер: Польшадағы Қазақстан Республикасының Елшілігі; Қазақстандағы Польша Республикасының Елшілігі;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әлеуметтік осал санаттағы халықтың құқықтары жөніндегі уәкіл; Белсенді оңалту қоры, Польша.
Салтанатты ашылу уақыты: 2026 жылдың 20 сәуірі, сағат 10:00-де, Қазақ спорт және туризм академиясының акт залында өтеді.
WhatsApp Image 2026-04-07 at 15.05.51

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма