
2026 жылдың 26–29 наурыз аралығында Түркістан қаласында өткен қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Кубогінде жүлделі 3-орын иеленген Күрес кафедрасының оқытушысы Телемгенова Айгерімді шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік — жоғары кәсібилік пен тынымсыз еңбектің, табандылық пен қайсарлықтың жарқын көрінісі. Сіздің жеңісіңіз – әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіз үшін үлкен мақтаныш әрі үлгі.
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз!
Еңбегіңіз жана берсін, жеңістеріңіз көп болсын!






