
Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті, профессор Қайрат Закирьянов арнайы Өзбекстан Республикасына барып, Әбу Райхан Беруни атындағы Ургенч мемлекеттік университетінің ректоры Фируза Мадрахимовамен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, білім мен ғылым саласындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтерудің нақты бағыттары айқындалды.
Келісім аясында:
🔹 академиялық ұтқырлық бағдарламалары жүзеге асырылады
🔹 бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары дамиды
🔹 конференциялар, семинарлар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады
🔹 білім сапасын арттыру бағытында тәжірибе алмасу күшейтіледі
Бұл маңызды қадам – екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланысты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады 🌍✨
Ынтымақтастығымыз берік болып, ортақ жетістіктеріміз еселене берсін!
#халықаралықынтымақтастық #білім #ғылым #Kazakhstan #Uzbekistan #академия














