
Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 26 ақпанда 218 дәрісханада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-нен шақырылған қауымдастырылған профессор Беккожанова Г.Б. «Тілді оқыту үдерісінде цифрлық технологияларды қолдану және студентке бағдарланған оқыту ұстанымдары» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Дәріс барысында заманауи білім беру технологиялары, цифрлық платформаларды тиімді пайдалану жолдары және студентке бағдарланған оқытудың өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар цифрлық құралдарды сабақ үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдерімен танысып, тәжірибелік мысалдар негізінде пікір алмасты. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
























