
Әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 25–26 ақпан күндері Астана қаласында өтті.
Осы беделді додада FPSE 23-9 тобының студенті Бекен Жаңыл 65 кг салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, барлық қарсыластарынан басым түсіп, І орынды иеленді.
Жеңімпазымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!







