
2026 жылы 30 наурыз күні Қазақ спорт және туризм академиясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Әуелбеков Өмірзақ Стаханұлы «Алғыс – ұлтты біріктіретін рухани құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, алғыс айту мәдениетін дамыту, қоғамдағы бірлік пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар алғыс ұғымының қоғамдағы маңызын, оның тұлғааралық қарым-қатынастарды нығайтудағы және ұлттық бірлікті қалыптастырудағы рөлін талқылады. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу мәселелері қарастырылды.
Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтті. Студенттер өз ойларын еркін білдіріп, өзара тәжірибе алмасып, өзекті тақырыптарды талқылауға белсенді қатысты.
Осындай іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін, рухани мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін дамытуға ықпал етеді.










