🇰🇿 ҚАЗАҚ СПОРТЫНЫҢ ҮМІТІ – ОЛИМПИАДА ТӨРІНДЕ!

Қазақ спорт және туризм академиясының 2 курс студенті Софья Самоделкинаға XXV Қысқы Олимпиада ойындарында сәттілік тілейміз!

Еліміздің намысын халықаралық аренада қорғау – үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе. Софьяның табандылығы, қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді деп сенеміз.

Олимпиада төрінде жарқын өнер көрсетіп, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Жеңіс пен сәттілік серік болсын! 🇰🇿
1d34828e-6cc4-45b6-8d9b-37f2fe188c3b

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма