Қазақ спорт және туризм академиясы базасында ҚР ҒЖБМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің ОӘБ-ЖБТ мәжілісі өтті

Қазақ спорт және туризм академиясы базасында ҚР ҒЖБМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің
«Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» және «Спорт» білім беру бағдарламалар тобы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі – жобаларды басқару топтарының мәжілісі өтті.

🔹 Мәжіліс модераторы – п.ғ.к., профессор, Академияның бірінші проректоры – академиялық мәселелер және білім беру сапасы жөніндегі проректор, ОӘБ төрағасының орынбасары Динара Кенжеқызы Нұрмұханбетова.

👥 Мәжіліске Дене шынықтыру және спорт саласы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының 40-тан астам жоғары оқу орындарының ОӘБ-ЖБТ мүшелері, жұмыс берушілер және шетелдік сарапшылар қатысты.

📌 Қаралған негізгі мәселелер:
1️⃣ Білім беру жүйесінде жасанды интеллект платформаларын пайдалану.
2️⃣ «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша ЖИ құралдарын оқу үдерісінде қолдану тәжірибесі.
3️⃣ Ерекше білім беруді қажет ететін студенттердің оқу және жаттығу үдерісін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.
4️⃣ «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» журналында ғылыми мақалаларды жариялауға дайындау мәселелері және т.б.

✨ Мәжіліс барысында білім беру мазмұнын жаңғырту, цифрлық технологияларды тиімді енгізу және инклюзивті орта қалыптастыру бағытында мазмұнды пікір алмасу өтті.

#ҚазСТА #СпортБілімі #ЖасандыИнтеллект #Инновация #БілімБерудіДамыту
IMG_6790

IMG_6789

IMG_6786

IMG_6788

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма