
2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері УралМДФК-ның 55 жылдығына арналған халықаралық қатысумен өткен «Спорт әлемі: жастар көзқарасы» атты Бүкілресейлік студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Орал мемлекеттік дене шынықтыру университеті (Челябинск қаласы, РФ).
Конференцияның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, дене шынықтыру және спорт, рекреация және спорттық-сауықтыру туризмі салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық қалыптастыру; ғылыми зерттеу әдістеріне үйрету, нәтижелер мен тәжірибе алмасу, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Олимпиадалық спорт факультетінің студенттері Б. Жалғасбек пен М. Рүстем ғылыми жетекші, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Минбаева С.М.-ның жетекшілігімен «Қазіргі заманғы жастар өміріндегі спорттың рөлі» тақырыбында баяндама ұсынды.







Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма