
2026 жылдың 25 ақпанында Қазақ спорт және туризм академиясы әлемге танымал ғалым – Платонов Владимир Николаевичтің қатысуымен үш сағаттық ғылыми семинар ұйымдастырды. Кездесудің тақырыбы – «Заманауи жоғары жетістіктер спорты: мәселелері мен болашағы».
Іс-шара бағдарламасы спикердің бір жарым сағаттық дәрісін қамтыды, одан кейін 1,5 сағатқа созылған пікірталас пен сұрақ-жауап сессиясы өтті.
Құрметті қонақтардың қатарында ҚазСТА президенті – Закирьянов Кайрат Кайруллинович болды. Семинар жұмысына Қазақстан, Орталық Азия елдері және Ресейден келген 270 өкіл – бейіндік жоғары оқу орындарының оқытушылары, жаттықтырушылар және жоғары жетістіктер спорты саласының мамандары қатысты.
Аталған семинар 2026 жылдың ақпанынан мамыр айына дейін ай сайын өткізілетін жоспарланған іс-шаралар циклінің бастамасы болды. Бұл серияны өткізу Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері қауымдастығының бастамасымен жүзеге асырылды. Жоба ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты нығайтуға және жоғары деңгейлі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.








