Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша дәріс

05.02.2026 жылы ҚазАСТ қабырғасында қызылша және Нипах инфекциясының алдын алуға арналған дәріс өтті.

Дәрісті дәрігер-эпидемиолог Омирали Перизат Амиралиевна жүргізді. Кездесу барысында қызылша мен Нипах вирусының қандай аурулар екені, олардың таралу жолдары, аурудың дамуына әсер ететін негізгі факторлар, сондай-ақ алдын алудың заманауи әдістері жан-жақты қарастырылды.

Вакцинацияның маңыздылығына, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға және жастар арасында жұқпалы аурулар қаупі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шаралар білім алушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, санитарлық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.
DSC00604

DSC00583

DSC00574

DSC00569

DSC00538

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма