
2026 жылғы 5–10 қаңтар аралығында Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясының оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі “Денсаулық” спартакиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті.
Спартакиадаға академияның құрылымдық бөлімшелері мен кафедраларынан құралған командалар қатысып, 8 спорт түрі бойынша өзара бақ сынасты. Аталған жарыстар қатысушылардың салауатты өмір салтын ұстануын қолдауға, ұжымдық бірлікті нығайтуға және спорттық белсенділікті арттыруға бағытталды.
Өткізілген спорт түрлері:
• Волейбол
• Баскетбол
• Шағын футбол
• Үстел теннисі (әйелдер)
• Үстел теннисі (ерлер)
• Жүзу
• Эстафета
• Шахмат
• Тоғызқұмалақ (әйелдер және ерлер)
Қатысқан командалар:
1. Ректорат
2. ТОФКиС
3. Футбол кафедрасы
4. Спорттық ойындар кафедрасы
5. Бокс және жеңіл атлетика кафедрасы
6. Күрес және ұлттық спорт түрлері кафедрасы
7. Гимнастика және жүзу кафедрасы
8. СГД кафедрасы
9. АФжСМ кафедрасы
Жалпы командалық есеп бойынша жүлделі орындар:
I орын – Спорттық ойындар кафедрасы
II орын – Ректорат
III орын – Күрес және ұлттық спорт түрлері кафедрасы
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және марапаттармен марапатталды. Спартакиада академия ұжымы арасындағы ынтымақтастықты арттырып, спорт пен денсаулықты басты құндылық ретінде дәріптеуге зор үлес қосты.














































Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма