
Сурдлимпиада ойындарының қола және командалық есептегі алтын жүлдесімен құттықтаймыз!
ФПСиЕ факультетінің 23-15 тобының студенті Хапизов Сабиржанды
Жапонияның Токио қаласында өткен дзюдодан Сурдлимпиада ойындарындағы
жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сабиржан +100 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болып,
командалық есепте алтын медаль жеңіп алуға зор үлес қосты.
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіңе тілектеспіз!








