Макаодағы маңызды кездесу: FISU басшыларымен келіссөздер

Макаода өткен Азия студенттік спорты федерациясының Бас Ассамблеясы аясында FISU президенті Леонц Эдер және FISU-дың бірінші вице-президенті Лучано Кабрал мырзалармен кездесу өтті.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланып, Қазақстанда бірқатар ірі халықаралық студенттік спорт жарыстарын өткізу мәселелері қарастырылды:
— 2026 жылғы бокс бойынша әлем чемпионаты,
— 2028 жылғы комбат-спорт бойынша әлем чемпионаты,
— 2029 жылғы Қысқы Дүниежүзілік Универсиада.

Тараптар халықаралық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, студенттік спортты дамыту жолында одан әрі өзара ықпалдастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
WhatsApp Image 2025-12-03 at 12.31.21

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма