Академиялық ұтқырлық: ҚазАСТ студенттерінің халықаралық тәжірибесі

10 желтоқсанда 218-аудиторияда Туризм және спорт менеджменті факультетінің 1–3 курс студенттерімен ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының студенті Серікқали Айгерім, сондай-ақ «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері Құдайберген Малика мен Далекина Дана сөз сөйледі. Олар 2025 жылы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында орналасқан беделді зерттеу университеті — Sejong University-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алу тәжірибесімен бөлісті.

Студенттер шетелде оқуға іріктеу және дайындық үдерісінің қалай өткенін, Оңтүстік Кореядағы оқу жүйесі мен студенттік өмірдің ерекшеліктерін, сондай-ақ халықаралық тәжірибенің жеке және кәсіби дамуға тигізетін артықшылықтарын баяндады.

Сонымен қатар, ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі өкілдері академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, қатысу шарттары және студенттерге көрсетілетін қолдау туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
WhatsApp Image 2025-12-15 at 14.49.41

WhatsApp Image 2025-12-15 at 14.49.42

WhatsApp Image 2025-12-15 at 14.49.47

WhatsApp Image 2025-12-15 at 14.49.51

WhatsApp Image 2025-12-15 at 14.49.55

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма