
2025 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ спорт және туризм академиясының «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша кездесу өтті. Іс-шарада Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Сембаева А.А., «Туризм» факультетінің деканы Агелеуова А.Т., және маман Абдымомынов Г.А. сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Корея Республикасының Сеул қаласында орналасқан жетекші университеттердің бірі – Sejong University білім алып келген Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері Серікқали Айгерім, Далекина Дана және Құдайберген Малика өздерінің оқу тәжірибесімен және әсерлерімен бөлісті.
Кездесуге білім беру бағдарламасының 1–3 курс білім алушылары қатысты. Қатысушыларға сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы, осы бағдарламалар бойынша баруға болатын елдер, сондай-ақ КазСТА-ның шетелдік және қазақстандық серіктес университеттері туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін хабарласа алатын бөлімнің байланыс деректері білім алушыларға ұсынылды.
Іс-шара сәтті өтті, қатысушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша пайдалы мәліметтер алды. Корея университетінде оқып келген студенттердің ақпараты кездесуге қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Студенттер белсенділік танытып, алған мәліметтері академиялық ұтқырлық бағдарламаларының артықшылықтарын болашақ оқу үдерісінде пайдалануға мүмкіндік береді.


















Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма