«AUYL SPORT 2025» республикалық турнирінің аяқталуы туралы баспасөз релизі

2025 жылдың 6 қазанында Алматы қаласында ауыл балалары арасында өткен «AUYL SPORT – 2025» республикалық турнирі өз мәресіне жетті, сондай-ақ Ұлттық мектеп лигасының қорытындылары шығарылды.
«AUYL SPORT – 2025» республикалық турнирі — Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асқан ауқымды спорттық шара. Төрт күн бойы еліміздің барлық облыстарынан келген ауылдық аймақтардың балалары баскетбол, үстел теннисі, волейбол, каратэ, шахмат, бокс және еркін күрес сияқты жеті түрлі спорт түрінен өзара бақ сынасты. Турнирге түрлі жастағы 1700 мектеп оқушысы қатысты. Қазақ спорт және туризм академиясы бұл спорт мерекесіне белсене атсалысты. Академияның спорт залдары жас спортшылардың жарыс алаңына айналды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтті.
Сол уақытта Қазақ спорт және туризм академиясының акт залында Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында командалық есепте жүлделі орындарға ие болған аймақтардың өкілдері мен республикалық турнирді ұйымдастыруға белсенді атсалысқан тұлғалар марапатталды. Сонымен қатар, «AUYL SPORT – 2025» республикалық турнирінің ұйымдастырушылары да алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ұлттық мектеп лигасының жалпыкомандалық есебі бойынша нәтижелер:
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында өткен Ұлттық мектеп лигасының жалпыкомандалық есеп қорытындысы төмендегідей болды:
– 5–6 сыныптар арасында — 1-орынды Павлодар облысының командасы, 2-орынды Түркістан облысы, 3-орынды Ақтөбе облысы иеленді.
– 7–8 сыныптар арасында — 1-орынды Павлодар облысы, 2-орынды Түркістан облысы, 3-орынды Ақтөбе облысы иеленді.
– 9–11 сыныптар жас санаты бойынша — 1-орынды Шымкент қаласының командасы, 2-орынды Түркістан облысының құрама командасы, 3-орынды Қызылорда облысының командасы жеңіп алды.
«AUYL SPORT – 2025» республикалық турнирінің ұйымдастырушылары — «Halyk» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-ның бас директоры Арман Тәшметов Қазақ спорт және туризм академиясының (ҚазСТА) бұл шараны ұйымдастыруға қосқан зор үлесін жоғары бағалап, өз ұйымдарының атынан академия басшылығына алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар, Ғалымбек Жақсылықов турнирді ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін ҚазСТА-ға ерекше алғыс білдіріп, академияның тәрбие және спорт ісі жөніндегі проректоры Есқалиев Мұхтар Зайнулдинұлына «AUYL SPORT – 2025» естелік белгісін табыс етті.

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.48.00

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.48.00 (4)

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.48.00 (2)

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.48.00 (1)

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.47.59

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.47.59 (2)

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.47.59 (1)

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.47.58

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.47.57

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.47.57 (2)

WhatsApp Image 2025-11-10 at 11.47.57 (1)

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма