
Қазақ спорт және туризм академиясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 26 қарашасында «Спорт пен туризмдегі сандық трансформация және жаһандық сын-қатерлер дәуіріндегі әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің жаңғыруы» тақырыбында II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – бүгінгі білім берудегі сандық өзгерістер мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің даму болашағына байланысты пікір алмасу, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде Еуразия кеңістігінде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен танысу болды. Сонымен қатар спорт пен туризмді жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы дамыту мәселелері де конференцияның негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалды.
Конференция жұмысы офлайн және онлайн форматтарында ұйымдастырылып, бағдарламалық талаптар толық сақталды. Оған Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, Қазақстан аумағындағы жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері, ҚазСТА-ның профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан сияқты Еуразия елдерінің оқытушы-ғалымдары ерекше қызығушылық танытып, белсенді қатысты.
Пленарлық мәжіліс пен секциялық отырыстар барысында қатысушылар өзара сұрақтар қойып, пікір алмасу арқылы конференция жұмысын мазмұнды ғылыми дискуссияға айналдырды.










Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма