Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Моңғолияда Құрметті доктор орденімен марапатталды

Өткен аптада Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті, профессор Қайрат Закирьянов жұмыс сапарымен Моңғолияның Ұлттық дене шынықтыру университетінде болды.

Сапар аясында тараптар дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми зерттеу, білім және тәжірибе алмасу бағыттарында ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Өзінің дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары білім беру саласындағы көпжылдық еңбегі мен көшбасшылық қабілеті, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін
профессор Қайрат Закирьянов
Моңғолияның Ұлттық дене шынықтыру университетінің Құрметті докторы орденімен марапатталды.

Бұл марапат Кайрат Закирьяновтың халықаралық академиялық қауымдастықтағы беделі мен еңбегінің жоғары бағаланғанының дәлелі болды.

Салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылғы 25 қазанда өтті.
Орденді университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Л. Алтанцэцэг табыстады.
3M9A7819

3M9A7879

3M9A7930

3M9A7955

3M9A8086

3M9A8104

3M9A8186

3M9A8215

3M9A8312

3M9A8320
WhatsApp Image 2025-11-12 at 16.38.17

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма