Қазақ спорт және туризм академиясының делегациясы Қырғызстанда өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

Қазақ спорт және туризм академиясының делегациясы Б. Турусбеков атындағы Қырғыз мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт академиясының 70 жылдығына арналған «Цифрлық трансформация жағдайында білім берудің бір бөлігі ретінде салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене мәдениеті мен спорттың рөлі» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
Конференция 2025 жылдың 15–18 қазаны аралығында Қырғыз Республикасында өтті және дене шынықтыру мен спорт саласындағы заманауи үрдістер мен өзекті мәселелерді талқылау үшін түрлі елдерден келген жетекші ғалымдар мен мамандарды, тәжірибелі практиктерді біріктірді.
Біздің өкіл тәжірибе алмасып, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, спорт және білім беру салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін құнды кәсіби байланыстар орнатты.
5208936938344221619 (2)

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма