ҚазАСТ-тың Туризм және спорт менеджменті факультеті – БҰҰ-ның туризм жөніндегі 1-ші Өңірлік конференциясында!

2025 жылғы 22–23 қазанда Қазақ спорт және туризм академиясының Туризм және спорт менеджменті факультеті Алматы қаласында өткен БҰҰ-ның туризм жөніндегі (UN Tourism) 1-ші Орталық Азия өңірлік конференциясына қатысты.
Конференцияның басты тақырыбы – туризм саласында әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту болды.

Іс-шара БҰҰ-ның туризм жөніндегі ұйымы мен Алматы туризм бюросы арасындағы серіктестік аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама гендерлік теңдікті қолдауға және туризм индустриясында еңбек ететін әйелдердің әлеуетін арттыруға бағытталған.

Конференцияға түрлі елдерден 400-ден астам делегат қатысты, олардың қатарында мемлекеттік және жеке сектор өкілдері, халықаралық ұйымдар, ғылыми орта мен туризм индустриясының мамандары болды.

Факультетіміздің осындай маңызды халықаралық шараға қатысуы Академияның Қазақстан мен Орталық Азияда тұрақты, әлеуметтік жауапты және гендерлік инклюзивті туризмді дамытудағы белсенді ұстанымын дәлелдейді.

5231485147281034687

5231485147281034686

5231485147281034685

5231485147281034684

5231485147281034683

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма