
Жаңа кешеннің жалпы ауданы 1000 м², жарық және кең залда 4 күрес кілемі орналасқан. Мұнда қазақ күресі, еркін және грек-рим күресі, дзюдо және самбо бойынша толыққанды жаттығуға мүмкіндік бар. Бір уақытта шамамен 700 спортшы дайындық жүргізе алады. Бұған дейін Академияда тек бір кілем болатын шағын зал жұмыс істейтін.
Ашылу салтанатына Ғылым және жоғары білім министрлігі Комитетінің орынбасары Акерке Абылайхан, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, Париж Олимпиадасының жүлдегері Демеу Жадыраев және Паралимпиада жүлдегері Зарина Райфова қатысты. Спортшылар мастер-кластар өткізіп, жас күресшілермен тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақ спорт және туризм академиясы — қазақ күресінің дамуына елеулі үлес қосқан жетекші оқу орны. Мұнда Олимпиада және әлем чемпиондары: Жаксылык Ушкемпиров, Шамиль Сериков, Валерий Резанцев, Анатолий Колесов, Юрий Мельниченко тәрбиеленген. Олардың жолын бүгінгі күнде Даулет Турлыханов, Асхат Житкеев, Нұрбақыт Тенізбаев, Гусман Қырғызбаев, Демеу Жадыраев және Зарина Райфова жалғастырып келеді.
Жаңа күрес кешенінің ашылуы — жас спортшылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.













Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма