
2025 жылдың 30 қыркүйегінде қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасының оқытушылары ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған дөңгелек үстел форматында шеберлік сағатын өткізді.
Іс-шара аясында Олимпиадалық спорт факультеті мен Кәсіби спорт және жекпе-жектер факультетінің студенттері Абайдың мәдени мұрасы, қазақ әдебиеті мен философиясын дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ оның идеяларының қазіргі білім кеңістігіндегі өзектілігі туралы ой бөлісті.
Жанды пікірталас, шығармашылық баяндамалар мен көзқарас алмасу бұл кездесуді шын мәнінде шабыттандыратын әрі мазмұнды етті.
Іс-шараның модераторы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор С. Минбаева.
Ұлы Абайдың мұрасына шынайы қызығушылық танытып, белсенді қатысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!










Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма