
2025 жылдың 25 қыркүйегінде академияның Үйлестіру-консультативтік ғылыми кеңесі өз жұмысын бастады. 2025–2026 оқу жылында ҮКҒК жұмысына академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының: дене шынықтыру және спорт және туризм бойынша 11 белгілі ғалымдар қатысады.
Күн тәртібіне сәйкес жиналыста, диссертацияларын қорғауға дайындалып жатқан ҚазСТА докторантурасын бітірген төрт түлектерінің диссертациялық зерттеу тақырыптары мен ғылыми жетекшілерінің кандидатураларының өзектілігі талқыланды.
Сондай-ақ жиналыста, академияның Ғылыми кеңесінің 2025-2026 оқу жылына арналған ҮКҒК жұмысының жоспары мен алгоритмі туралы шешімі таныстырылды.
Бұл жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі, магистранттардың ғылыми-зерттеу есептерін бітіруші кафедралардың кеңейтілген мәжілістерінде ҮКҒК сарапшылары мен ғылыми-зерттеу және халықаралық жұмыстар жөніндегі проректорының міндетті түрде қатысуымен талқылауды қамтиды.








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма