
Бұл күн – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өмірін арнаған жандарға деген алғыс пен құрметтің мерекесі.
Іс-шара жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Сахнада әсем әндер шырқалып, ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектер мен алғыс сөздері айтылды. Академия президенті Закирьянов Қайрат Қайроллаұлы ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың еңбегін, кәсіби шеберлігін және отандық спорт пен туризм саласын дамытуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.
Салтанатты жиында Қайрат Қайроллаұлы бірқатар ұстаздарға адал еңбегі, мамандығына деген сүйіспеншілігі және жастар тәрбиесіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстады.
Бұл мереке ұстаздық мамандықтың қадірі мен жауапкершілігін тағы бір мәрте айқындаған ерекше күн болды.















Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма