Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан әлем чемпионатына қатысу үшін Перуге аттанды

5–7 қазан күндері Перудің астанасы Лима қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 67 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы атынан 18 жас татами шебері ел намысын қорғайды. Олар әлемдік додада жүлде үшін күресетін болады.

Ерлер құрамасы:

  • -60 кг: Талғат Орынбасар, Телжан Сұлтанбай

  • -66 кг: Ақылжан Жұбатқанов, Қайырхан Абдрахман

  • -73 кг: Омар Нұрбергенов

  • -90 кг: Даниил Крылов, Арман Билалханов

  • -100 кг: Асқар Біржанов

  • +100 кг: Жантілек Нұртілепұлы

Қыздар құрамасы:

  • -48 кг: Тасним Әбдуәлі, Сабина Юлдашбекова

  • -52 кг: Нұрайлым Сәрсенбек, Аяулым Қайрат

  • -57 кг: Дана Әбдірова

  • -63 кг: Дильназ Досберген

  • -70 кг: Көркем Орымбек

  • -78 кг: Анастасия Нагачевская, Салтанат Ахметова

Айта кетейік, Көркем Орымбек пен Анастасия Нагачевская — Қазақстан спорт және туризм академиясының студенттері. Сәттілік!

5975684696274746266

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма